Ертең республиканың бірқатар жерлерінде ауа райы суытады деп күтілуде

АСТАНА. 20 қыркүйек. ҚазАқпарат - Қазақстан аумағының басым бөлігінде жоғары қысым ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, тек республиканың батысында атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр жауып, жел күшейеді. Бұл туралы Қазгидрометке сілтеме жасап, ҚР ТЖМ хабарлайды.

Ертең республиканың бірқатар жерлерінде ауа райы суытады деп күтілуде

Республиканың солтүстігі және солтүстік-батысында кей жерлерде тұман түсуі мүмкін.

Жамбыл, Қызылорда, Атырау облыстарында кей жерлерде жел 18-23 м/с-қа күшейеді деп күтілуде, шаң көтеріліп, дауыл тұрады, Қызылорда облысында жел екпіні 25 м/с болады. Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе, күндіз Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарында кей жерлерде жел 15-20 м/с-қа күшейеді.

Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында түнде және таңертең тұман түседі деп күтілуде.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарында, Алматы, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде түнде 0-5 градус аяз болуы ықтимал.

Республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында кей жерлерде және орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.