11:11, 30 Мамыр 2009 | GMT +5
Ертең ?Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні
АСТАНА. Мамырдың 30-ы. ҚазАқпарат – Ертең, мамырдың 31-і -
Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні.
Бұл атаулы күн Елбасының Жарлығымен қоғамдық келісім және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы болған 1997 жылдан бастап атап өтіледі. Қазақстан аймағында Кеңес билігінің 11 лагері болған. Осы күні 1931-33 жылдарда 2 миллиондай қазақтың өмірін қиып кеткен ашаршылық құрбандарына да аза тұтылады.