Ертең Сенат отырысында бірқатар маңызды құжаттармен қатар телерадио хабарларын тарату және арнаулы мемлекеттік органдары туралы заң жобалары да қаралады

АСТАНА. 27 желтоқсан. ҚазАқпарат - «Ертең, 28 желтоқсанда Парламент Сенатының кезекті отырысы өтеді және онда бірқатар заң жобалары талқыға түседі»,

Ертең Сенат отырысында бірқатар маңызды құжаттармен қатар телерадио хабарларын тарату және арнаулы мемлекеттік органдары туралы заң жобалары да қаралады

деп хабарлайды Парламент Сенатының баспасөз қызметі.

Атап айтқанда жалпы отырыста «Телерадио хабарларын тарату туралы», және «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» заң жобасы қаралады. Сондай-ақ сенаторлар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне телерадио хабарларын тарату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», сондай-ақ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық-атқару жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларын бірінші оқылымда қарамақ. Ал «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында қор нарығын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне орман шаруашылығы, жануарлар дүниесі және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларын екінші оқылымда қарау жоспарланып отыр.