Ертең Сенаттың кезекті отырысы өтеді

ТАНА. 19 қазан. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Ертең ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысы өтеді. Бұл туралы палатаның баспасөз қызметінен хабарланды.

Ертең Сенаттың кезекті отырысы өтеді

Сенат бюросының бекіткен күн тәртібіне сәйкес, отырысқа екі мәселе шығарылып отыр. Атап айтқанда, онда Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мақұлдаған «2007 жылғы 6 қазандағы Кеден одағының комиссиясы туралы шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы талқыланады. Сонымен қатар, «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы да талқыға түседі.