Ертең Сеулде Ермек Тлауов сайысады

АСТАНА. ҚазАҚпарат - Ертең Оңтүстік Корея астанасы Сеулде ММА шебері Ермек Тлауов сайыс алаңына шығады,  деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ертең Сеулде Ермек Тлауов сайысады

Ол Road FC 36 турнирінің  1/16 финалында бразилиялық сайыпқыран Ронис Торреспен күш сынасады. Бүгін қос мықты арасында салмақ өлшеу рәсімі өтті.

Тлауов осыған дейін де талай ірі жарыстарға қатысып, қарсыластарын қапы қалдырып жүрген тәжірибелі спортшыларымыздың бірі. Ертеңгі сайыста сәттілік жолдас болсын деп тілейміз.