Ертең Шымкентте Қоғамдық палата мүшелері Қазақстанның ел бірлігі доктринасы жобасын талқыға салады

АСТАНА. Қарашаның 24-і. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Қазақстанның ел бірлігі доктринасы тақырыбы ертең, қарашаның 25-і күні, Шымкент қаласында өтетін ҚР Парламенті Мәжілісі жанындағы Қоғамдық палатаның көшпелі отырысында талқыға салынады,

Ертең Шымкентте Қоғамдық палата мүшелері Қазақстанның ел бірлігі доктринасы жобасын талқыға салады

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Күн тәртібінің жобасына сонымен қатар Оңтүстік Қазақстан облысындағы көші-қон процесін басқарудың жағдайы мен өзекті мәселелері еніп отыр.

Аталған басқосуға Парламенттің және облыстық мәслихаттың депутаттары, Үкімет мүшелері, саяси партиялардың, этномәдени орталықтардың және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысады.

Талқылаудан кейін Қоғамдық палатаның ұсынымы қабылданатыны қарастырылып отыр.