Ертең СҚО-да жел күшеюі ықтимал - Қазгидромет

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында 21 тамыз күні бұршақ жауып, жел күшеюі ықтимал. Бұл туралы ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ның мәліметтеріне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
None
None

Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, 21 тамызда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түсуі ықтимал.

«Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с. Солтүстік Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындардың қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету және төтенше жағдайлардың алдын алу үшін шаралар қабылдауға кеңес береді»,-делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар