Ертең Үкімет отырысында «Агробизнес-2020» бағдарламасы қаралады

АСТАНА. 12 тамыз. ҚазАқпарат - Ертең, 13 тамыз күні Үкімет отырысында Премьер-Министр Серік Ахметовтің төрағалығымен «Агробизнес-2020» агроөнеркәсіптік кешенін дамыту бағдарламасы қаралады, деп хабарлайды premierminister.kz сайты.

Ертең Үкімет отырысында «Агробизнес-2020» бағдарламасы қаралады

Ауыл шаруашылық министрі Асылжан Мамытбеков баяндама жасайды. Ауыл шаруашылық министрі ауыл шаруашылық өнімін өңдеу секторын жүзеге асыру бойынша қолданылатын шаралар туралы айтып береді.

Бұдан өзге, Үкімет мүшелері АӨК саласында әлеуметтік-кәсіпкерлік қызмет мәселелерін қарайды. Ауыл шаруашылық министрлігінің, Өңірлік даму министрлігінің басшылары және облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкімдері баяндама жасайды.