Ертең Үкімет отырысында астық жинау науқанының қорытындылары мен жол қауіпсіздігі мәселесі талқыланады

АСТАНА. 11 қараша. ҚазАқпарат - 12 қарашада ҚР Премьер-министрі Серік Ахметовтің төрағалығымен өтетін Үкіметтің отырысында елдегі астық жинау науқанының қорытындылары, Үкіметтің өкпе ауруымен күрес және жол қозғалысындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері қаралады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.
None
None
«Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков астық жинау қорытындылары мен астық нарығындағы жағдайлар туралы баяндайды. Сонымен қатар ҚР Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова 2014-2020 жылдарға арналған "Туберкулезбен күрес жөніндегі кешенді жоспарды ұсынады»,-деді ресми өкіл. Өздеріңізге белгілі, Мемлекет Басшысы 11 қазандағы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қазақстандағы жол-көлік оқиғалары салдарынан болатын адам өлімінің жоғары деңгейін ерекше атап өтіп, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі жауапкершілікті күшейтуді тапсырған болатын. Осыған орай, ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Үкіметтің отырысында елдегі жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қабылданған шаралар туралы хабарлайды.
Соңғы жаңалықтар