Ертең Үкімет отырысында елді мекендерді сумен қамтамасыз ету мәселелері қаралады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ертең, 18 қазанда, сағат 10:00-де, Үкімет Үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Қазақстан Үкіметінің селекторлық режимдегі кезекті отырысы өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.
None
None

Отырыстың күн тәртібіне елді мекендерді сумен қамтамасыз етудің тиімділігін арттыру шаралары, ауыл шаруашылығы кооперацияларын дамыту, «Пробация туралы» заң жобасы мен оған енгізілетін түзетулерді талқылау мәселелер енгізілген.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің селекторлық отырысының онлайн-таратылымын primeminister.kz сайтынан және facebook-тен көруге болады.

Сонымен бірге, отырыс қорытындысы бойынша БАҚ өкілдері мен Үкімет мүшелерінің қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді.

Соңғы жаңалықтар