Ертең Үкімет отырысында газ бағасын белгілеу мәселелері мен азаматтық авиацияның қазіргі жағдайы талқыланады - ОКҚ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ертең Үкімет отырысында газ бағасын белгілеу мәселелерін қарастыру жоспарлануда. Осы орайда ҚР Мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин баяндама жасайды.
Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлімдеді.
Оның айтуынша, сонымен қатар, Үкімет отырысында Көлік және коммуникациялар министрі Асқар Жұмағалиев азаматтық авиацияның қазіргі жағдайы және ИКАО талаптары аясында оның алдағы дамуының бағыттары жайлы баяндайды.