Ертең Үкімет отырысында жеке тұрғын үй құрылысы мен ауыл шаруашылығы қажеттілігі үшін бөлінген жер телімдерін түгендеу мәселесі қаралады

АСТАНА. 18 қараша. ҚазАқпарат - Үкімет отырысында жеке тұрғын үй құрылысы мен ауыл шаруашылығы қажеттілігі үшін бөлінген жер телімдерін түгендеу мәселесі қаралады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.

Ертең Үкімет отырысында жеке тұрғын үй құрылысы мен ауыл шаруашылығы қажеттілігі үшін бөлінген жер телімдерін түгендеу мәселесі қаралады

«Ертең, Премьер-Министр Серік Ахметовтің төрағалығымен өтетін Үкімет отырысында жеке тұрғын үй құрылысы мен ауыл шаруашылығы қажеттілігі үшін бөлінген жер телімдерін түгендеу мәселесі қаралады», - деді ол.
Оның айтуынша, аталған мәселе бойынша ҚР Өңірлік даму министрі Болат Жәмішев баяндама жасайды. Сонымен қатар ол осы жиын барысында «Ақбұлақ» бағдарламасының іске асырылуы жайына да кеңінен тоқталады.

«Жалпы, Үкімет отырысында Қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров пен бірқатар облыстың әкімдері де сөз алады»,-деді ресми өкіл.