Ертең Украинаның Львов қаласындағы Қазақстан азаматтарын эвакуациялайды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Украинаның Львов қаласындағы қазақстандықтарды эвакуациялау үшін ертең автобус ұйымдастырылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Қазақстанның Украинадағы елшілігіне сілтеме жасап.
«Құрметті Қазақстан республикасының азаматтары! 2022 жылғы 28 ақпан күні таңертең сағат 09:30-да Қазақстанның Украинадағы елшілігінен Львов қаласындағы қазақстандықтарды эвакуациялау үшін автобус жіберіледі», - деп жазылған елшіліктің Telegram парақшасында.
Хабарламада айтылғандай, автобусқа 50 сыяды.
Елшіліктің мекенжайы Ю.Ильенко көшесі 26, байланыс телефондары +38 (044) 483-15-96, +38 (067) 347-04-08
«Маңызды ақпараттарды Қазақстанның Украинадағы елшілігінің әлеуметтік желі және мессенджерлердегі парақшасынан біле аласыздар. Инстаграм – kazenbukr, Фейсбук – KazEmbassyUkr», - дейді елшіліктен.
Бұған дейін ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Украина шекарасында тұрған қазақстандықтардың жартысы Польшаға жеткені туралы хабарлаған еді.
Одан бөлек, Украинада қазақстандық 50 ауыр жүк көлігі жүргізушісінің орналасқан жері белгілі болды.