17:20, 03 Қазан 2012 | GMT +5
Ертең Ұстаздар күніне арналған салтанатты шаралар өтеді
АСТАНА. 3 қазан. ҚазАқпарат - Қазан айының алғашқы жексенбісінде жер бетіндегі ең ұлағатты да ұлы мамандық иелері - ұстаздарды ұлықтау мерекесін атап өту дәстүрге айналды.

Биыл да осы шара өз жалғасын таппақшы. Астана әкімдігінің мәліметінше, қала әкімінің гранттарын тарсыру салтанаты 4 қазанда сағат 14-00 де әкімдік ғимаратында, ал «Мұғалімдер күніне» арналған салтанатты кеш сағат 16.00-де Конгресс Холлда өтеді.
2008 жылы әкімнің өкімімен жыл сайын «Ең үздік мектеп» конкурсын өткізу қолға алынғанын айта кетуіміз керек. 2011-2012 оқу жылы бойынша «2012 жылдың үздік мектебі» номинациясына № 50 мектеп-лицей ие болды. Мектепке Астана қаласы әкімінің кубогы мен гранты тапсырылатын болады. Қаланың он үздік ұстазына тұрақты негізде жалақысына 50 пайыз үстеме ақы қосылатын болады.