Ертең зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалану шарттары жарияланады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі 28 желтоқсан күні Нұр-Сұлтан қаласында өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сағат 13.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде коронавирусқа қатысты Қазақстандағы эпидемиологиялық ахуал туралы

баспасөз мәслихаты өтеді. Спикерлер: ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов, ҚР ДСМ санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова, ҚР ДСМ медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Нұрлыбек Асылбеков.

Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz

Сағат 15.00-де «Palazzo degli Affari» бизнес-орталығында орналасқан (мекенжайы: Мәңгілік ел даңғылы, 20) Сайлауды бейпартиялық байқау орталығында Сайлауды әділ және адал байқау туралы хартияны жариялауға арналған брифинг өтеді.

Сағат 16.00-де «Астана Балет» театрында AD MEDIA жаңа стриминг алаңының және 360 градус форматында түсірілген алғашқы екі қойылымның тұсаукесері өтеді.

Сағат 16.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстан азаматтарына 2021 жылдан бастап жинақталған зейнетақы қаражатының бір бөлігін пайдалану мүмкіндігіне қатысты баспасөз мәслихаты өтеді. Спикерлер: ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов; «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ басқарма төрағасы Жанат Құрманов; «БЖЗҚ» АҚ Нұр-Сұлтан қалалық филиалының директоры Мұрат Шарипов; «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі «Отбасы банк» АҚ басқарма төрағасы Ляззат Ибрагимова; ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Мария Хаджиева; ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті бастығының міндетін атқарушы Гүлнәр Сәрсенбаева.

Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz


Соңғы жаңалықтар