Ертең жалпы отырыста Мәжіліс депутаттары бірқатар заң жобаларын талқыға салады

ТАНА. 13 қыркүйек. ҚазАқпарат - Ертең, 14 қыркүйек күні, Мәжілістің жалпы отырысы өтеді,

Ертең жалпы отырыста Мәжіліс депутаттары бірқатар заң жобаларын талқыға салады

деп хабарлайды ҚР Парламентінің баспасөз қызметі.

Мәжіліс депутаттары Палата Бюросы ұсынған күн тәртібіне сәйкес мәселелерді талқыға салады.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы жөнінде депутаттарға Қазақстан Республикасының Мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед баяндап береді. Палатаның Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Гүлнәр Сейітмағанбетова заң жобасы туралы қосымша түсінік береді.

Сонымен қатар «2007 жылғы 6 қазандағы Кеден одағының комиссиясы туралы шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы талқыға салынады. Бұл жоба туралыҚазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Қайрат Сарыбай баяндама жасайды. Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Бағила Баймағамбетова жұмыс тобының ұсыныстары жөнінде түсінік береді.

Жалпы отырыстың күн тәртібіне «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Испания Корольдігінің Үкіметі арасындағы Ауғанстан Ислам Республикасын тұрақтандыру мен қалпына келтіру жөніндегі халықаралық күш-жігерлерге Испания Корольдігінің қатысуына байланысты әскери мүлікті және персоналды Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеуді қамтамасыз ету туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша қорытынды әзірлеу жөніндегі мәселе де енгізілген.