Ертең Жанбота Алдабергенова мен Ақмаржан Қалмырзаеваға жанкүйер боламыз

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 14 ақпан күні Бейжің Олимпиадасында қазақстандық атлеттер спорттың бір түрінен сынға түседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ертең Жанбота Алдабергенова мен Ақмаржан Қалмырзаеваға жанкүйер боламыз

Нақтырақ айтсақ, дүйсенбі, 14 ақпанда Қазақстан Бейжің Олимпиадасында спорттың бір түрі – фристайлдың шаңғы акробатикасынан сынға түседі.

Жарыс кестесі:

Фристайл. Әйелдер

Жанбота Алдабергенова, Ақмаржан Қалмырзаева

13:00 Бірінші мүмкіндік

14:30 Екінші мүмкіндік

17:00 Финал

Естеріңізге сала кетейік, негізі бүгін шаңғы акробатикдан бірінші іріктеу кезеңі өтуі керек болған.

Алайда, ауа райының қолайсыздығына байланысты іріктеу бір күн кейінге шегерілді.