Ертең жоғары оқу орындарында талапкерлерден мемлекеттік гранттарға құжаттар қабылдау басталады
АСТАНА. 22 шілде. ҚазАқпарат - 23 шілде мен 31 шілде аралығында еліміздегі жоғары оқу орындарында талапкерлерден мемлекеттік гранттарға құжаттар қабылдау басталады
Ағымдағы жылы 35 мың мемлекеттік грант қарастырылып отыр Бұл гранттардан ҰБТ қорытындысы бойынша таңдаған мамандықтарына қарай 50 балдан бастап одан жоғары алғандар үміткер бола алады.