19:46, 16 Тамыз 2020 | GMT +5
Ертеңнен бастап елорда маңына қатынайтын автобустар қайта жүре бастайды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарт – 17 тамыздан бастап елорда маңына қатынайтын автобус бағдарлары қайта іске қосылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Ертең, 17 тамыз күні қала маңындағы бағдарларды шығарамыз. Автобустар 06:00-22:00 сағат аралығында жүреді. Қоғамдық көлікке бетпердесіз кіруге рұқсат етілмейді. Барлық қала маңындағы автобустарда дезинфекция жүргізіледі», - делінген CTS компаниясы таратқан хабарламада.
Айта кетсек, алдағы демалыс күндері, яғни 22, 23 тамызда Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес қоғамдық көлік жүрмейді.
Еске салсақ, 17 тамыздан бастап карантин шаралары кезең-кезеңмен алынғанымен Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары бірқатар талапты сақтауы тиіс. Аталған талаптар елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айгүл Шағалтаеваның қаулысында көрсетілген.