21:06, 19 Наурыз 2014 | GMT +5
Ертеңнен бастап елордада Ш.Бейсекова көшесінде жол қозғалысы шектеледі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада 20 наурыз - 20 сәуір аралығында жөндеу жұмыстарына байланысты Ш.Бейсекова көшесіндегі көлік қозғалысы шектеледі, деп хабарлайды Астана қаласы ІІД Әкімшілік полиция басқармасынан.
Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтында жазады. «20 наурыз - 20 сәуір аралығында Қорғалжын тас жолынан бастап С. Сейфуллин көшесіне қарай Ш.Бейсекова көшесі бойынша қарама-қарсы бағытқа қозғалысты ауыстыруға байланысты жүретін жол шектеледі. Ш.Бейсекова көшесі арқылы су өтетін темір бетонды құбырларды орнату жұмыстарын аяқтауға байланысты жол жабылатын болады»,- делінген хабарламада. Осыған орай, ведомство көлік жүргізушілеріне жолдарда кептелістерді болдырмау мақсатында маршрутты алдын ала жоспарлауға кеңес береді. Сондай-ақ, жүргізушілерді ақпараттандыру үшін қажетті ескерту және тыйым салатын жол белгілері қойылатын болады.