Ертеңнен бастап лицензиялар электрондық түрде ғана беріледі
АСТАНА. 31 наурыз. ҚазАқпарат - 2012 жылғы сәуірдің 1-нен бастап лицензиялар электрондық түрде ғана беріледі, деп хабарлады ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінен.
Лицензияларды алуға өтініш жолдау сұрақтары бойынша мемлекеттік қызметтердің тұтынушыларына «электрондық үкімет» Call-орталығының 14-14 телефон нөмірі арқылы көмек көрсетіледі. Сонымен бірге тұтынушылар www.elicense.kz порталында «Анықтамалық ақпарат» бөлімінде порталда жұмыс істеу бойынша нұсқаулықтар, интерактивті және видеороликтер орналастырылған.
Cонымен қатар, пайдаланушы нұсқаулығын www.mki.gov.kz сайтындағы «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінің мәдениет саласындағы лицензиялау бөлімшесіндегі «Тарих және мәдениет ескерткіштерінде археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыру жөніндегі қызметке лицензия беру» салымында таба аласыз.