Ертеңнен бастап Павлодар облысында білім орталықтары қайта ашылады

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысында білім беру орталықтары мен үйірмелер қайта жұмыс істей бастайды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі хабарлайды.

Ертеңнен бастап Павлодар облысында білім орталықтары қайта ашылады

Облыс орталығында білім беру орталықтарының, үйірмелердің және мектептен тыс қосымша білім беру объектілерінің қызметін қайта бастау туралы қаулы 2020 жылғы 15 желтоқсан сағат 00.00-де күшіне енеді. Сәйкес қаулылар Екібастұз және Ақсу қалаларында да қабылданды.

Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК жұмысының телеграм каналында хабарланғандай, бұндай шешім Павлодар облысының эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес «қызыл» аймақтан шығуына байланысты қабылданды. Өткен тәулікте, 13 желтоқсанда облыста коронавирустық инфекцияның 73 жаңа жағдайы тіркелді.

Бүгінгі күні COVID-19 бен ауыру жағдайларының тұрақты төмендеуі байқалуды. Сырқаттанудың шыңы 23-29 қараша аралығында орын алған, ол кезде 795 жағдай тіркелген болатын (өсім 14,2 %). Содан кейін төмендеу байқалды – 733 жағдай (11,4 %) және соңғы аптада 626 жағдай тіркелді (8,8%).

Еске салсақ, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Ұлттық қоғамдық денсаулықты сақтау орталығының дерегіне сәйкес, бұған дейін «қызыл» аймақта болған Павлодар облысында ахуал біршама тұрақталды. Бұл өңір «қызылдан» «сары» аймаққа өтті.