«Ертіс-2011» командасы Барнауылдағы халықаралық жарыстың жеңімпазы атанды
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодарлық «Ертіс» клубының жас футболшылары Барнауыл қаласында «Забей в темпе» атты халықаралық жарыстың барлық ойындарында жеңіске жетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
«Біздің балалар тамаша ойын өрнегін көрсете білді, тактикалвқ және техникалық жағынан қарсыластарынан мықты болды. Сондай-ақ Абзал Әділханов «Жарыстың үздік ойыншысы» аталымында жеке сыйлық алды», - деп хабарлады павлодарлық «Ертіс» футбол клубының баспасөз қызметінен.
2011 жылғы балалар командалары арасында өткен «Забей в темпе» атты футболдан халықаралық жарыс Ресейдің Барнауыл қаласында өтті. Оған Павлодардың «Ертіс-2011» футбол клубының ең кішкентай тәрбиеленушілері қатысты. Жаттықтырушысы - Асхат Құсайынов.