«Ертіс» ӘКК «Қашыр балық тұқымбағы» жобасын жүзеге асыруға кірісті

СЕМЕЙ. Маусымның 4-і. ҚазАқпарат /Лина Славина/ - «Ертіс» ӘКК Павлодар облысындағы Қашыр балық тұқымбағының қызметін жандандыруға 120 млн. теңге инвестиция бөлді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Корпорация бүгінгі күні 3 млн. 320 мың теңге көлеміндегі алғашқы траншты жүзеге асырды. Мемлекеттің жүз пайыздық қатысуымен ӘКК-нің активі саналатын бұл қаржыны «Қашыр балық тұқымбағы» ЖШС инкубациялық жұмыстарды жүргізуге бағыттады.Қашыр балық тұқымбағының шаруашылық қызметін зерттеген «Ертіс» ӘКК мамандары мыналарды анықтады: тауарлық балық шаруашылығын жүргізу көлемінің күрт төмендеп кетуінің бірнеше себептері бар, солардың бірі ? сумен қамтамасыз ететін жүйенің жоқтығы, құрама жем, органикалық тыңайтқыш және емдеу препараттарының тым қымбаттығы. Қалыптасқан мәселені реттеу мақсатында корпорация мамандары аймақтың су қоймаларында балық аулауды қамтамасыз ету, инкубациялық цехтарды жұмысқа дайындау, трансформаторлық стансыларды, сораптарды және басқа да қондырғыларды қалпына келтіру шараларын жасады және оларды жүзеге асырды.Жасалған келісімдер ауқымында, «Ертіс» ӘКК» ҰК» АҚ балықты өндірістік аулаудың жыл сайынғы шектеуін алу және тұқымдық балықтардың шабағын өндіруге қаржы бөлу мәселелерін шешуде.
Соңғы жаңалықтар