Ertis бес бірдей футболшымен келісімшартты үзді

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодарлық футбол клубы бес бірдей ойыншымен келісімшартты үзді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Ertis бес бірдей футболшымен келісімшартты үзді

Ertis ФК баспасөз қызметі мәлім еткендей, командадан үш легионер Милан Мирославлев, Каспарс Дубра мен Рохер Каньяс кетті.

"Клуб басшылығы және футболшылар дәл осындай, өзара келісілген шешімге келді", - делінген ресми хабарламада. Оған қоса, Ertis ФК Павлодар футбол мектебінің түлектері Антон Цирин мен Павел Шабалинмен келісімшартты үзді. Мұндай шешім де өзара келісім бойынша қабылданды. Павел Шабалин биылғы маусымда павлодарлық команда сапында алты ойын өткізді. Ertis сапында ол жалпы саны 212 матч өткізіп, 30 гол соққан. Қақпашы Антон Цирин биылғы маусымда 12 матч өткізіп, 16 гол жіберген.