«Ертіс» футбол клубы болгар футболшысына айына 20 мың еуро төлейді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодардың «Ертіс» футбол клубы 27 жастағы болгарлық «Левски» қорғаушысы Орлин Старокинмен толығады, деп хабарлады Vesti.kz болгар БАҚ-тарына сілтеме жасап.
Жаңа легионер «Ертісте» биылғы жазда пайда болмақ. Павлодарлықтар қорғаушымен келісім-шартқа қол қояды, құжатта оның жартылай қорғаушылыққа қатысатыны да көзделген.
Сондай-ақ павлодарлықтардың жаңа ойыншысының еңбекақысы да белгілі болды. Sportal.bg ақпараты бойынша, Старокин «Ертісте» айына 20 мың еуро алатын болады, «Левскиде» ол 4 мың еуроны ғана қанағат тұтқан болатын.