«Ертіс» футбол клубымен қош айтысатын ойыншылардың есімдері белгілі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодарлық «Ертіс» футбол клубы ойыншыларының Түркиядағы жиындарында бас жаттықтырушы Дмитрий Черышев құрама команданың ойыншыларын іріктеді, деп жазады pavlodarnews.kz.

«Ертіс» футбол клубымен қош айтысатын ойыншылардың есімдері белгілі болды

Қазіргі таңда бас жаттықтырушының көңілінен шықпаған спортшылардың есімдері белгілі болды. «Ертіс» командасының сапында ойнамайтындар қатарында қазақстандық Біржан Сағындық пен Әлібек Сәкенов бар. Ә. Сәкенов жаттығу кезінде жарақат алып, емделуге елге оралды. Футболшы ауруынан айығып, командаға оралатынынан үмітті. Ал Б. Сағындық команданың жаттықтырушы штабы өкілдерінің көңілінен шықпаған көрінеді.

Сонымен қатар, екі шетелдік ойыншыға қатысты шешім қабылданды. «Ертістің» жиынына келген Хорватияның қорғаушысы, жас Рензо Редина «Верден» неміс командасының екінші тобында өнер көрсеткен. «Астана» құрамасының сапында ойнаған 34 жасар черногорлық Драган Богавац та Д. Черышевті қызықтырмады. Ол 26 матчқа қатысып, 12 гол салған. Астаналық командада тәп-тәуір шеберлік танытса да, бұл «өткен күннің елесі» сыңайлы. - Алғашқы жиын ойыншыларды іріктеп, команданы қалыптастыру үшін қажет. Жаңа жылдға дейін құраманың 50-60% белгілі болады. қазіргі таңда ойыншыларды қарастырып, келіссөздер жүргізудеміз. Үздіктерін таңдаймыз, -дейді «Ертіс» ФК-ның директоры Игорь Елащук.