«Ертіс» футбол клубына жаңа бас жаттықтырушы тағайындалды
ПАВЛОДАР. Мамырдың 21-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодарлық «Ертіс» футбол клубының бас жаттықтырушысы болып 54 жастағы Леонид Васильевич Назаренко тағайындалды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Л. Назаренко спорттық мансабын Ресейдің Краснодар өлкесіндегі Гулькевичи қаласында бастаған. СКА (Дондағы Ростов қаласы), мәскеулік ЦСКА командаларында, КСРО-ның ұлттық, олимпиадалық және жастар құрамаларында ойнаған. КСРО-ның халықаралық санаттағы спорт шебері. 1976 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері. Ресей қалаларында көптеген клубтарға жетекшілік еткен. Павлодарда жұмыс істеген. 2001 жылы ол жетекшілік еткен «Ертіс» жартылай финалдан аман-есен өтіп, Азиялық чемпиондар кубогының ақтық кезеңіне шыққан және Азиядағы төртінші команда атанған болатын.