«Ертіс» футбол командасы жаңа бас бапкер іздеп жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Ертіс» басшылығы алдағы айда командаға жаңа бас бапкер тағайындауға мәжбүр, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.

 «Ертіс» футбол командасы жаңа бас бапкер іздеп жатыр

Павлодарлықтар бір ай бұрын команданың бұрынғы бапкері Жерар Нуспен шартты ресми түрде тоқтатты. Испандық маман клубтан кеткеннен кейін, оның көмекшісі ресейлік Дмитрий Кузнецов бас бапкердің міндетін атқарушы болды. Соңғы матчтарда «Ертіс» турнирлік кестеде жағдайды қалпына келтірсе де, команданы жаңа маман басқарады.

Қазақстан Премьер-Лигасының регламенті бойынша, клуб екі айдан көп уақыт бас бапкерсіз қала алмайды. Ал, Кузнецовқа осы қызметке тағайындалу үшін және команданың еурокубокқа қатысуы үшін PRO дәрежесінің лицензиясы қажет. Клуб басшылығының осы мәселені шешуге бір айдан аз уақыты қалды.

Еске салайық, «Ертістің» бас бапкері қызметіне болгарлық мамандар үміткер болып отыр.