«Ертіс» футбол командасын 32 жастағы испандық жаттықтырмақ

Жас жаттықтырушының кандидатурасын Павлодар облысының әкімдігі бекітті және тараптардың ынтымақтастығы туралы келісімге қол қойылды.
Еске сала кетейік, бұған дейін агенттік «Ертіс» клубының басшылығы 32 жастағы испаниялық маман Херард Нуспен келіссөз жүргізіп көретіндігі хабарлаған болатын .
Херард Нус ешқашан футболды кәсіби деңгейде ойнап көрген жоқ. Дегенмен, ол бапкерлікке бет бұрып, тамаша жетістіктерге жетіп үлгерді. «Ливерпульде» атақты Рафаэль Бенитестің қол астында болып, ағылшын клубында түрлі деңгейдегі қызметтерді атқарды. Үш жылдан кейін ол Оңтүстік Кореяға аттанып, «Чуннам Драгонс» клубы бас бапкерінің көмекшісі болып істеді. Одан кейін Нус алыс Аустралияның «Мельбурн Сити» командасының бапкерлік штабында қызмет етті. Арада біраз уақыт өткеннен кейін ол өз отаны Барселонаға оралып, өзге профильді қызметке ауысты. Ал, осыдан екі жыл бұрын «Эльченің» техникалық директоры ретінде танылды. Өткен жылдың тамыз бен қараша айлары аралығында НАСЛ «Райо»-ОКС клубының бас бапкері болды. Испаниялық сол жылда «Райо-Вальекано» командасында да техникалық директор болып тағайындалған.