02:21, 25 Наурыз 2014 | GMT +5
«Ертіс» хоккейден ҚР чемпионатының алғашқы плей-офф финалисі болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Хоккейден ҚР чемпионатының жартылай финалдық плей-офф сериясы матчында павлодарлық «Ертіс» Теміртаудың «Арыстан» командасын 4:1 есебімен ұтып, турнирдің алғашқы финалисі болды, деп хабарлады sports.kz.
![None None](/static/img/plug.webp)
Жеңімпаздар құрамында Томаш Вак, Михал Грман (дубль) және Мартин Хьюс гол салуда көзге түсті. Теміртаулықтардың бірден-бір шайбасын Томаш Кан салды.
«Ертіс» - Арыстан 4:1 (2:0, 1:1, 1:0)
Серия есебі: 4:1 (3:2 О.Т, 4:0, 4:3, 2:3, 4:1).