«Ертіс орманы» резерватында тағы бір өрт сөндірілуде

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодарлық өрт сөндірушілер «Ертіс орманы» резерватында орын алған тағы бір өртті сөндіруде, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТЖМ-ға сілтеме жасап.

«Ертіс орманы» резерватында тағы бір өрт сөндірілуде

«6 шілдеде сағат 18.56-да Шарбақты ауданындағы «Ертіс орманы» МОТР» ММ аумағында шамамен 10 га алаңда құрғақ шөп пен орман өртенді.

Өртті сөндіруге орман шаруашылығы мен ТЖД-ның 31 маманы мен 12 техникасы жұмылдырылды», - деп жазды ведомстводан.

Өрттің шығу себебі анықталуда.

Сағат 22-06-да шамамен 13,37 га алаңдағы өрт сөндірілді.