Ертіс өзенінде 33 жастағы балықшы мұз астына түсіп кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ертіс өзенінде балық аулап отырған 33 жастағы ер адам құтқарылды. Бұл туралы облыстық ТЖД төтенше жағдайлардың алдын алу департаменті бөлімінің бастығы Сергей Сытник айтты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Ертіс өзенінде 33 жастағы балықшы мұз астына түсіп кетті

 - Патруль жүргізу кезінде сағат 15.20-да жедел құтқару жасағының үш қызметкері  мұздың астына түсіп кеткен ер адамды жағаға алып шықты.  Құтқарушылар оның көмек сұрап айқайлаған дауысын естіген. Балықшы медициналық көмектен бас тартты. Бұдан басқа, 4 сәуір күні 78 жастағы тұрғын  ажал аузынан аман қалды, - дейді Сергей Сытник.

 Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хатшысы Гаухар Сыздықованың айтуынша, жыл басынан бері мұздың үстінен 24 адам құтқарылған. Оның 19-ы - бала.

"Тәулік бойы төтеншеліктер жергілікті полиция қызметімен бірге рейд ұйымдастырып, балықшылардың арасында мұздағы қауіпсіздік бойынша түсіндіру жұмыстарын  жүргізеді. Әсіресе, демалыс  және мереке күндері олардың саны екі есеге артады", - деді баспасөз қызметінде. 


Иллюстрациялық фото