17:38, 13 Наурыз 2020 | GMT +5
Ертіс өзенінде мұз жару жұмыстары жүргізіледі
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласындағы Ертіс өзенінде мұзды ою бойынша алдын алу жарылыс жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды қала әкімдігіне сілтеме жасаған ҚазАқпарат тілшісі.

«Мұз кептелуінің алдын алу және өзен суының еркін ағуы үшін 14 наурыз күні сағат 10:00-ден 16:00-ге дейін Мирный шағын ауданында (ипподром ауданы) Ертіс өзеніндегі мұзды жару жұмыстарын жүргізу жоспарланған», - деп түсіндірді қалалық әкімдікте.
Әкімдік қала тұрғындарын тасқынға қарсы жасалатын іс-шараларға түсіністікпен қарауын сұрады.