15:11, 28 Маусым 2016 | GMT +5
Ертіс өзенінің деңгейі ШҚО басшылығы мен ҚР АШМ бақылауында
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ертіс өзенінің деңгейі Шығыс Қазақстан облысының басшылығы мен ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің бақылауында. Бұл туралы ҚР Үкіметінің отырысы кезінде мәлім болды, деп хабарлайды pm.kz сайты.

ҚР Үкіметінің отырысы кезінде Кәрім Мәсімов ШҚО басшылығынан Ертіске қатысты жағдай туралы сұрады.
«Ертіс бойынша айтсақ, қазір Бұқтырма су қоймасы арқылы өткізу тәулігіне 1,7 мың текше метрді құрайды, Өскемен арқылы өткізу жоспардағыдай, еш мәселе туындаған жоқ, бәрі ауыл шаруашылығы министрлігінің комитеті бекіткен жоспарға сәйкес», - деді ШҚО әкімінің бірінші орынбасары Нұрымбет Сақтағанов.
«Мәселе бақылауда. Біз әкіммен сөйлестік, Павлодарға қарай сағаға, Шүлбі ГЭС-іне су жіберуді арттыру мәселесі болды. Біз оны 300 мың текше метрге дейін арттырдық. Бұқтырма су қоймасында 1,9 болатын, қазір 1,7 текшеге дейін төмендеттік, яғни су деңгейі төмендеді», - деп атап өтті өз кезегінде ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов.