«Ертіс» пен «Оқжетпес» Еуропа лигасының бірінші іріктеу кезеңінен өте алмады

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Олар алғашқы ойындарын шілденің 2-сі күні сырт алаңда өткізген болатын. Онда көшетаулық «Оқжетпес» молдовалық «Зимбрудан» 1:2 есебімен, ал Леонид Назаренко жаттықтыратын «Ертіс» венгриялық «Халадаштан» дүбірлі додаға 1:0 есебімен ұтылған болатын. Кеше олар қарымта кездесулерін өткізді. Эдуард Глазунов жаттықтыратын көкшетаулықтар бұл жолы өз алаңыда 0:2 есебімен ұтылып, павлодарлықтар Қарағандыда қарсыласынан 2:1 есебімен басым түсті. «Ертіс» пен «Халадаш» арасындағы екі ойынның қорытындысы 2:2 болғанмен, сырт алаңда соғылған жалғыз доп венгр футболшыларына екінші кезеңге шығуға мүмкіндік берді. Енді молдавандар екінші кезеңде шведттермен («Эльфсборг»), ал венгрлер португалдармен ( «Пасуш де Феррейра») кездеседі.
Қазақстандық жанкүйерлер енді Еуропа лигасы ойындарына 2-ші кезеңнен қосылатын Қостанайдың «Тобыл» командасына ғана үміт артатын болды. Олардың қарсыласы Түркияның атақты «Галатасарай» командасы болмақ. Қостанайлықтар алғашқы ойынын шілденің 16-сы күні өз алаңында, ал қарымта кездесуін шілденің 23-і күні Ыстамбұлда өткізеді.