«Ертіс жағалауы-2009» веложарысы еліміздің үздік спортшыларының басын қосты
ПАВЛОДАР. Тамыздың 4-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодарда велоспорттан Қазақстан Республикасының «Ертіс жағалауы -2009» ашық чемпионаты басталды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Велододаға еліміздің 10 қаласынан 40 спортшы қатысуда, олар 9 күнде облыстың жолдарымен 800 шақырым жер жүріп өтеді. Ең қысқа қашықтықты - 8 шақырымды - велосипедшілер алғашқы күні Павлодарда жүріп өтті. Дүйсенбі күні спортшылар Екібастұз-Баянауыл жолымен жүріп өтіп, 140 шақырымды бағындырды. Ал бүгін, сейсенбі күні спортшылар Баянауыл тауларында жеке додаға түседі.
«Ертіс жағалауы» веложарысы дәстүрлі шара, жыл сайын Павлодарда республиканың барлық өңірлері мен Ресейдің шекаралас облыстарының спортшылары жиналады.