Ертіске ШҚО-дағы екі ГЭС-тен жіберілетін көлем артқандықтан су басуы мүмкін - ТЖД

АСТАНА. ҚазаАқпарат - Ертіс өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде басуы мүмкін, деп хабарлайды ШҚО ТЖД ресми сайты.

Ертіске ШҚО-дағы екі ГЭС-тен жіберілетін көлем артқандықтан су басуы мүмкін - ТЖД

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалану реттеу және қорғау жөніндегі Ертіс бассейндік инспекциясының хабарлауынша, Бұқтырма су қоймасына келетін судың артуына байланысты 19-21 маусым аралығында Бұқтырма және Өскемен ГЭС-тері су жіберу көлемін көбейтеді.

Осыған байланысты Шығыс Қазақстан облысындағы Ертіс өзенінде судың арнасынан шығып кетуі және маңайды су басуы мүмкін, деп делінген ТЖД хабарламасында.