«Ертістің» бұрынғы шабуылшысы Э. Ронкатто еліне кетіп қалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Ертістің» бұрынғы шабуылшысы Эвандро Ронкатто
Бразилияға оралды. «Futebol Interior» 29 жастағы бразилиялық форвард Эвандро Ронкатто өз мансабын отанында жалғастыра деп мәлімдеді. Енді ол «Рио Бранко» футболшысы болмақ, деп хабарлады Sports.kz.
Еске салсақ, өткен жылы жазда Ронкатто павлодарлық «Ертістің» қатарына қосылған. Аталған команда сапында ол «ҚПЛ-2015 турнирі» маусымында 5 гол соғып, 11 ойынға қатысты.