«Ертістің» португалиялық жартылай қорғаушысы павлодарлық қызға ұсыныс жасады

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодарлық клубта ойнайтын Карлос Фонсека павлодарлық Анжелика Годжиеваға үйлену жөнінде ұсыныс жасады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

«Ертістің» португалиялық жартылай қорғаушысы павлодарлық қызға ұсыныс жасады

Мұндай ақпарат «Ертіс» ФК әлеуметтік желілердегі ресми парақшасында жарияланды. Жұп қарым-қатынастарын таяуда заңдастырмақ. Бұл мәліметті клубтың медиа-офицері Дархан Бекішев растады. 23 жастағы Анжелика Годжиева қаламыздағы №17 мектебін бітіріп, кейін ИнЕУ-де жоғары білім алған. 2015 жылы «Мисс Павлодар» конкурсына қатысқан. Карлос Мануэл Кошта Фернандеш Фонсека 1987 жылы 23 тамызда Португалияның Галегос кентінде туған. Футболшы мансабын «Санта-Мария» клубында бастаған. 2015 жылы Болгарияның «Славиясынан» павлодарлық «Ертіске» ауысты. Карлос Фонсека төрт жылда «Ертіс» сапында 108 матч өткізіп, 16 доп соққан. Интернет желісіндегі ақпарат бойынша бұл ойыншының құны 500 мың еуроны құрайды.