Ертіс-Баян өңірі бюджеттің орындалуы бойынша республикада көш басына шықты

ПАВЛОДАР. KAZINFORM - Шілде айындағы жағдай бойынша облыс бюджетіне 186,1 млрд теңге (жоспар бойынша - 177,4 млрд теңге) көлемінде кіріс кірді. Бюджеттің орындалуы 104,9%-ды құрады. Кіріс жоспары 8,7 млрд теңгеге асыра орындалды.

Экономика, финансы, бюджет, бизнес
Фото: freepik.com

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, өңірде алғашқы жартыжылдықтың қорытындысы бойынша барлық базалық макро көрсеткіштерде оң динамика байқалады. Қысқа мерзімді экономикалық индикатор – 103,5%-ды құраса, нақты көлем индексі 102,5% жетті.

Кіріс
Фото: Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі

«Өңдеу секторында 7,4%-ға және электрмен жабдықтау саласында 2,7%-ға өсім байқалады. Ауыл шаруашылығы саласының көлемі 4,7%-ға ұлғайды. Өңір экономикасына 395 млрд теңге инвестиция тартылды. Өсім қарқыны – 114,8% құрады. Аумақтық бөліністе меншікті кіріс жоспарлары барлық аудандарда орындалды. Өткен жылмен салыстырғанда түсімдердің өсімі 30,3 млрд теңгені немесе 119,4% құрады. 1 шілдедегі жағдай бойынша облыс бюджетіне 186,1 млрд теңге (жоспар бойынша - 177,4 млрд. теңге) көлемінде кіріс кірді. Бюджеттің орындалуы 104,9%-ды құрады. Кіріс жоспары 8,7 млрд теңгеге асыра орындалды. Аумақтық бөліністе меншікті кіріс жоспарлары барлық аудандарда орындалды. Өткен жылмен салыстырғанда түсімдердің өсімі 30,3 млрд теңгені немесе 119,4% құрады», - деп мәлімдеді әкімдіктен.

Кіріс
Фото: Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ал облыс бюджетінің жоспарланған 260,9 млрд теңге шығындары 100% игерілген. Осылайша алғашқы жартыжылдықтағы бюджеттің орындалу көрсеткіштері бойынша облыстар бөлінісінде өңір 1-орынға тұрақтады.

Еске сала кетейік, қаржылық мониторинг агенттігі 45 млрд теңге бюджет қаражатын үнемдеген