Ертіс-Баян өңірінде 200 шақырымнан астам теміржол жаңғыртылады
ПАВЛОДАР. KAZINFORM - Павлодар магистральдік желі бөлімшесінің теміржолшылары бірқатар теміржол учаскесін жөндеуден өткізуді жоспарлап отыр.

Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясынан хабарлады.
— Павлодар өңірінде Есеншілік-Едіге, Қырқыншы-Сары-Оба, Ақсу-1 — Ақсу-2, Спутник — Бастау аралықтарында 59,3 км жолды күрделі жөндеуден өткізіледі. Сондай-ақ Екібастұз — Северный-1, Екібастұз — Северный-2 стансалары бойынша 5,26 км жолды орташа жөндеу, СМД-80 машинасын қолданып, ОП-116-Шідерті аралығындағы жолға 15 мыңнан астам темірбетон шпалдарын төсеу, 10,2 км жолдағы рельсті тіректі үздіксіз ауыстыру, бағыттамалық бұрмалардың 70 жиынтығын үздіксіз ауыстыру жоспарланған, - деп мәлімдеді компаниядан.
Ауыр типтегі машиналарды (RM, DM, DGS, PBR, Unimat, DESEC) пайдалану 150 км-ден астам теміржол төсемінің күйін жақсартады. Павлодарлық теміржолшылар ластанған балласты терең кесуді, жолды рихтауды, жолды және бағыттамалық бұрмаларды түзету мен ұрғылауды жүргізеді.
Жалпы 2025 жылы Қазақстанда барлығы 1 480 шақырым теміржол жөнделеді. Өткен жылы 1 407 шақырым жаңғыртылып, оның 570 шақырымы күрделі жөндеумен қамтылған.
Еске сала кетейік, Павлодар мен Алматы арасына жаңа вагондар қатынай бастады.