Ертіс-Баян өңірінде банкрот болған азаматтардың саны 500-ге жетті

ПАВЛОДАР. KAZINFORM -Олардың жалпы сомасы 700 млн теңге борышы жойылды. «Банкрот» деп танылған азаматтар үш жыл бойы мемлекеттік кірістер департаментінің бақылауында болады.

банкротство
Фото: Kazinform; Pixabay

Өңірлік мемлекеттік кірістер департаментіне мойнында 15 мың теңге қарызы бар адам да өзін банкрот деп тану туралы өтініш білдірген. Ал ең жоғары сома 20 млн теңгені құрайды. Банкроттық туралы заң қабылданғалы бері облыста осы 500 жеке тұлға банкрот деп танылған.

«Заңның қабылданған уақытынан бастап бүгінгі күнге дейін 3800 адам өтініш тапсырды. 500 өтініш бойынша оң шешім шығарылып, жалпы сомасы 700 млн теңгеге қарыздары алып тасталды. 280 адамның өтініші қаралуда. 2800 өтініш кері қайтарылды»,-дейді Өңірлік мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы Миргүл Мажимова.

Еске сала кетейік, Қазақстан халықтың 85%-ында несие бар https://kaz.inform.kz/news/karizsiz-kogam-haliktin-85-inda-nesie-bar-d98a05/