Ертіс-Баян өңірінде киік саны 5 есе көбейген

Ертіс-Баян өңірінде киік саны 5 есе көбейген
Фото: gov.kz

ПАВЛОДАР. KAZINFORM -  Қазіргі күні Павлодар облысының аумағын мекендейтін ақбөкендердің саны шамамен 20-25 мыңдай бар. Түз тағысы көбіне Май, Баянауыл аудандарының жазығын төңіректейді.

Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Руслан Төлепбаевтың айтуынша, соңғы жылдары өңірдегі ақбөкендердің саны айтарлықтай артқан.

«2020 жылмен салыстырғанда қазіргі күні облыстағы киік саны 5 есеге жуық көбейген. Шамамен 20-25 мыңдай дала жануарын санадық. Киіктерді қорғау мақсатында 15 сәуір - 15 мамыр аралығында «Ақбөкен» науқаны өткізіліп жатыр. Ол табиғат қорғау заңнамаларын бұзушыларды және заңсыз аңшылықпен айналысушыларды анықтауға бағытталған», - дейді бас инспектор.

Еске сала кетейік биылғы ақпан айынан елімізде киіктерді атуға қайтадан тыйым салынған.

Қызыл кітапқа енетін жануардың текесін атқандар 1,8 млн теңге, ұрғашысын өлтіргендер 1,3 млн теңге айыппұл төлейді.

Соңғы жаңалықтар