Ертіс-Баян өңірінде жыл басынан бері 13 мың адам жұмыспен қамтылды
ПАВЛОДАР. KAZINFORM – Павлодар облысында жыл соңына дейін жалпы саны 26,6 мың тұрғынды жұмысқа орналастыру жоспарланып отыр. Оның 9,2 мыңы Ұлттық жобалар мен тұжырымдамаларды іске асыру аясында өміршең етіледі.

Тағы 7,4 мыңы – Мемлекет басшысының «10 мың халық үшін 100 жұмыс орны» бастамасы шеңберінде, 10 мыңы – жұмыс берушілер ұсынған бос еңбек орындарына орналастырылады.
«Биыл жыл басынан Павлодар облысында 13418 астам адам жұмысқа орналасты. «Екі қолға - бір күрек» тапқандардың басым көпшілігі тұрақты жұмыс орындарымен қамтылған. 7436 жаңа жұмыс орнын құру жоспарланған. Қазірдің өзінде жоспардың 43 пайызы орындалды. Субсидияланатын жұмыс орындарына 6 мыңдай адам орналасты. Жоспар бойынша 6617 тұрғын еңбекпен қамтылуы керек. Олардың дені құрылыс, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, білім беру салаларына орналасты», - дейді Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Альмира Дисюпова.
Есе сала кетейік, жыл басынан бері елімізде 230,8 мың адам жұмыспен қамтылды.