Ертіс өзенінде жұқа мұзға шығып, суретке түспек болған қыз ойыққа құлап кетті

ПАВЛОДАР. KAZINFORM — Төтенше жағдайлар қызметкерлері Павлодар қаласының Орталық жағалауында Ертіс өзенінің үстіне шығып, мұз астына түсіп кеткен 1994 жылғы қызды құтқарып алды.

Ертіс өзенінде жұқа мұзға шығып, суретке түспек болған қыз ойыққа құлап кетті
Фото: Ақтөбе облыстық ТЖД баспасөз қызметі

Ертіс өзеніндегі рейдтік іс-шаралар барысында Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаменті жедел-құтқару жасағының қызметкерлері мұздың астына құлап кеткен адамды көрген.

— Құтқарушылар бірден көмекке асықты. Олар 1994 жылы туған қызды жедел түрде судан шығарып, оған алғашқы медициналық көмек көрсетті. Сол екі ортада жетіп үлгерген жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды. Белгілі болғандай, ол сүретке түсу үшін жұқа мұзға шыққан. Алайда мұз қыздың салмағына шыдамай, ойылып кеткен, - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Құтқарушы Данил Соловей мұз үстіне шығуға тыйым салынғанын еске салады. Ауа райына байланысты қазіргі уақытта өзендегі мұздың қатуы біркелі емес.

Еске сала кетейік, үш адам мінген көлік Балқаш көлінде мұз астына түсіп кетті.

Соңғы жаңалықтар