Ертіс жайылмасында ағашты заңсыз кескендер ұсталды

ПАВЛОДАР. KAZINFORM - Ақсу қаласының 5 тұрғыны Ертіс өзенінің жайылмасында заңсыз ағаш кесумен айналысқан.

Ертіс жайылмасында ағашты заңсыз кескендер ұсталды
Фото: Видеодан алынған кадр

Ертіс өзені жайылмасындағы орман-тоғайдан ағаш кесуге тыйым салынғанына қарамастан, заңды белден басу деректері тыйылмай тұр. Тәртіп сақшылары Ақсу қаласының 5 тұрғынын қылмыс үстінде ұстады. Олар жайылмадағы сау ағаштарды отап, көлікке тиеп әкетпек болған.

- Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе бүлдіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Бұл әрекеттері арқылы азаматтар қоршаған ортаны және орман ресурстарын қорғау саласындағы заңнаманы бұзып отыр. Мұндай заңсыздықтар өңірдің экожүйесіне елеулі зиян келтіреді, - деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінен..

Тәртіп сақшылары болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтау, сондай-ақ заңсыз қызметтің өзге де ықтимал қатысушылары мен ұйымдастырушыларының жолын кесу жөніндегі жұмысты жалғастыруда.

Еске сала кетейік, Ертіс ормандарында жаңа құс түрлері анықталды.

Соңғы жаңалықтар