Ерұлан Жамаубаев пен Тимур Жақсылықов «Даму» қорының директорлар кеңесінен шығарылды

АСТАНА. KAZINFORM — «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қор» АҚ директорлар кеңесінің құрамы өзгертілді. Бұл жайында KASE хабарлады. 

даму
Фото: market.kz

Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ жалғыз акционердің 13 наурыздағы шешімімен компанияның директорлар кеңесінің құрамына өзгерістер енгізілгенін KASE-ге хабарлаған.

Кеңестен шығарылғандар: Жамаубаев Е.К., Жақсылықов Т.М., Аушарипов Е.С. 

Сайланғандар: Байбазаров Н.С., Қарағойшин Р.Т.

Енгізілген өзгерістерді ескере отырып, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ директорлар кеңесі бес адамнан тұрады:

Байбазаров Н.С., Бахмутова Е.Л., Баталов Р.А., Қарағойшин Р.Т., Бөрібаева Г.А.

Соңғы жаңалықтар