Ержан Қазыханов Ирландия мен Исландиядағы ҚР елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Ержан Хозеұлы Қазыханов Қазақстан Республикасының Ирландиядағы, Исландия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Ержан Қазыханов Ирландия мен Исландиядағы ҚР елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды