Ержан Максим «WAF CONTEST» халықаралық байқауының бас жүлдесін иеленді
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстандық жас әншілер Ержан Максим Македонияда өткен «WAF CONTEST» халықаралық байқауының гран-при жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ержан Максим мен атыраулық Алтынай Төлеген «WAF» Дүниежүзілік фестивальдер қауымдастығынан «WAF AWARDS-2022«сыйлығымен марапаттау үшін шақыру алған. Марапттау рәсімі 7-11 қаңтар күндері Македонияның Скопье қаласындағы Македония ұлттық театрының сахнасында өтті. Сыйлық номинацияларына әлемнің түкпір-түкпірінен 12 бала таңдалған.
Сондай-ақ қазақстандық жас әншілер «WAF CONTEST» байқауына қатысқан. Онда «WAF» халықаралық конкурстарының гран-при иегерлері, барлығы 16 елден 32 бала бақ сынаған.
Нәтижесінде Е.Максим байқаудың бас жүлдесін, А.Төлеген 2-орын жеңіп алды.
«WAF AWARDS» премисына және «WAF CONTEST» конкурсына қатысып, гран-при жеңіп алдым», - деп жазды Е.Максим Instagram-дағы парақшасында.
Фото: instagram.com/maksim_erjan